DE | ENG

«Қазақстан Республикасының шетелдегі кемелері апатқа ұшыраған жағдайда, теңiз наразылығы туралы акт жасау»

Қазақстан Республикасы
Сыртқы істер министрінің м.а.
2014 жылғы «19» наурыздағы
№ 08-1-1-1/87 бұйрығымен
бекітілген

 

1. Жалпы ережелер

1. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасының шетелдердегі мекемелері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі – Қазақстан Республикасының шетелдегі кемелері апатқа ұшыраған жағдайда, теңiз наразылығы туралы акт.

 

2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау

4. Көрсетілетін қызметті алушының өтініші мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі рәсімді (іс-қимылды) бастау үшін негіз болып табылады.

5. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы
№ 145 қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасының шетелдегі кемелері апатқа ұшыраған жағдайда, теңiз наразылығы туралы акт жасау» мемлекеттік қызмет стандартының 2-бабының 4 тармағына сәйкес, мемлекеттік қызмет көрсету процесі мынадай рәсімдерден тұрады:

  • 1-ші процесс – қызмет көрсетушінің лауазымды тұлғасымен өтініштерді қабылдауы, тіркеуі;
  • 2-ші процесс – қызмет көрсетушінің лауазымды тұлғасымен құжаттарды тексеруі және қарастыруы, теңiз наразылығы туралы акт жасауы;
  • 3-ші процесс – көрсетілетін қызметті алушыға теңiз наразылығы туралы актіні беру.

6. Мемлекеттік қызмет көрсету рәсімінің (іс-қимылдың) нәтижесі мынадай рәсімді (іс-қимылды) орындауды бастау үшін негіз болады:

  • 1-ші процесс бойынша – құжаттарды қабылдау туралы өтініштің көшірмесіне белгі қою;
  • 2-ші процесс бойынша – қызмет көрсетушінің лауазымды тұлғасымен теңіз наразылығы туралы актіге қол қоюы.

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз, кезек күту тәртібінде көрсетіледі .

 

3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау

7. Мемлекеттік қызмет көрсету процесін көрсетілетін қызметті берушінің лауазымды тұлғасы қатысады.

8. Көрсетілетін қызметті берушінің лауазымды тұлғасы, мемлекеттік қызметті көрсету үшін өтінішті қабылдауды және тіркеуді, құжаттарды тексеруді және қарастыруды, теңіз наразылығы туралы актіні жасауды жүзеге асырады.

Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібінің (іс-қимылдардың) дәйектілігінің сипаттамасы осы регламенттің 2-қосымшасында көрсетілген.

1 қосымша
2 қосымша