DE | ENG

«Қазақстан Республикасының шетелдердегі мекемелерінің Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығу жөніндегі құжаттарды ресiмдеуі»

Қазақстан Республикасы
Сыртқы істер министрінің м.а.
2014 жылғы «19» наурыздағы
№ 08-1-1-1/87 бұйрығымен
бекітілген

1. Жалпы ережелер

1. Мемлекеттік қызметті осы регламенттің 1-қосымшасында көрсетілген Қазақстан Республикасының шетелдердегі мекемелері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электронды / қағаз түрінде.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі – Қазақстан Республикасының азаматтығынан шыққандығы туралы анықтама.

 

2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) іс-қимыл тәртібін сипаттау

4. Көрсетілетін қызметті алушының өтініші мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі рәсімді (іс-қимылды) бастау үшін негіз болып табылады.

5. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы
№ 145 қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасының шетелдердегі мекемелерінің Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығу жөніндегі құжаттарды ресiмдеуі» мемлекеттік қызмет стандартының 2-бабының
4 тармағына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету процесі мынадай рәсімдерден тұрады:

  • 1-ші процесс – көрсетілетін қызметті берушінің құжаттарды қабылдауы, тексеруі, тіркеуі;
  • 2-ші процесс – құжаттарды қарастыру, көрсетілетін қызметті алушының деректерін Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің (бұдан әрі – ҰҚК) ақпараттық жүйесіне енгізу;
  • 3-ші процесс – материалдардын ҰҚК-мен келісу;
  • 4-ші процесс – көрсетілетін қызметті берушінің қорытындыны дайындауы және дипломатиялық пошта арналары арқылы Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігіне (бұдан әрі – СІМ) жолдауы;
  • 5-ші процесс – материалдарды қарау және тексеру, СІМ қорытындысын дайындау;
  • 6-шы процесс – Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Азаматтық мәселелері жөніндегі комиссияның (бұдан әрі – Комиссия) жұмыс органының Комиссия мүшелерінің отырысында дауыс беруге салу үшінматериалдарды қарауы;
  • 7-ші процесс – Комиссия шешімін және Азаматтық мәселелер жөнінде Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасын дайындау;
  • 8-ші процесс – азаматтық мәселелер жөнінде Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы туралы көрсетілетін қызметті берушіні хабардар ету;
  • 9-шы процесс – Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығу туралы анықтаманыберуге дайындау.

6. Мемлекеттік қызмет көрсету рәсімінің нәтижесі мынадай рәсімді орындауды бастау үшін негіз болады:

  • 1-ші процесс бойынша – құжаттарды қабылдау туралы өтініштің көшірмесіне белгі қою;
  • 2-ші процесс бойынша – көрсетілетін қызметті берушінің ҰҚК ақпараттық жүйесіне сұрау салуы;
  • 3-ші процесс бойынша– материалдардың келісу туралы ақпараттық жүйенің жауабы және СІМ хабарламасы;
  • 4-ші процесс бойынша–Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығу туралыкөрсетілетін қызметті берушінің қорытындысы;
  • 5-ші процесс бойынша – Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығу туралыСІМ-нің қорытындысы;
  • 6-шы процесс бойынша –Комиссияның шешімі;
  • 7-ші процесс бойынша – Азаматтық мәселелер жөніндегі Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы;
  • 8-ші процесс бойынша – көрсетілетін қызметті берушінің хабарламасы.

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз, кезек күту тәртібінде көрсетіледі.

 

3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелернің (қызметкерлердің)  өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау

7. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне мынадай тұлғалар қатысады:

  • 1) көрсетілетін қызметті берушінің лауазымды тұлғасы;
  • 2) ҰҚК-нің лауазымды тұлғасы;
  • 3) СІМ-нің лауазымды тұлғасы;

4) Комиссия Жұмыс органының лауазымды тұлғасы.

8. Тиісті құжаттары бар өтінішті қабылдауды, тексеруді, тіркеуді және қарастыруды, мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін берумен азаматтықтан шығу туралы қорытындыны дайындауды көрсетілетін қызметті берушінің лауазымды тұлғасы жүзеге асырады.

ҰҚК-мен материалдарды келісу ақпараттық жүйені пайдалану арқылы жүзеге асырылады. ҰҚК-нің лауазымды тұлғасықабылданған шешім туралы СІМ-ді хабарландырады.

СІМ-нің лауазымды тұлғасы материалдарды қарастырады және Комиссияның жұмыс органына жолданатын азаматтықтан шығу туралы қорытындыны дайындайды.

Комиссия отырысында материалдарды қарастыру және Қазақстан Республикасы Президенті Жарлығының жобасын дайындау Жұмыс органының лауазымды тұлғасы жүзеге асырады.

Мемлекеттік қызмет көрсетуге қатысатын тұлғалар арасындағы рәсімдер (іс-қимылдар) дәйектілігінің сипаттамасы осы регламенттің 2-қосымшасында көрсетілген.

1 қосымша
2 қосымша