DE | ENG

«Шетелде Қазақстан Республикасының азаматтарын есепке алу»

Қазақстан Республикасы
Сыртқы істер министрінің м.а.
2014 жылғы «19» наурыздағы
№ 08-1-1-1/87 бұйрығымен
бекітілген

1. Жалпы ережелер

1. Мемлекеттік қызметті осы регламентке 1-қосымшада көрсетілген Қазақстан Республикасының шетелдердегі мекемелері (бұдан әрі – көрсетілетін қызмет беруші) көрсетеді.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі — Қазақстан Республикасының азаматтарын консулдық тіркеуге алу немесе одан шығару.

 

2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлердің) көрсетілетін іс-қимыл тәртібін сипаттау

4. Көрсетілетін қызметті алушы өтініші мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі рәсімді (іс-қимылды) бастауға бар болуы негіздеме, болып табылады.

5. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы  № 145 қаулысымен бекітілген «Шетелде Қазақстан Республикасының азаматтарын есепке алу» мемлекеттік қызмет стандартының 2-бабының 4 тармағына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету процесі мынадай рәсімдерден тұрады:

  • 1-ші процесс – көрсетілетін қызметті беруші лауазымды тұлғаның құжаттарды қабылдауы, тіркеу;
  • 2-ші процесс – көрсетілетін қызмет беруші лауазымды тұлғаның құжаттарды қарастыру мен тексеру және деректерді ақпараттық жүйеге енгізуі;
  • 3-ші процесс – көрсетілетін қызмет беруші лауазымды тұлғасымен консулдық есепке қоюы және алып тастауы, дайын құжаттарды беруі.

6. Мемлекеттік қызмет көрсету рәсімінің нәтижесі мынадай рәсімді (іс-қимылды) орындауды бастау үшін негіз болады:

  • 1-ші процесс бойынша – көрсетілетін қызметті алушының құжаттарды қабылдау туралы өтінішінің көшірмесіне белгі қою;
  • 2-ші процесс бойынша – көрсетілетін қызметті алушының ақпараттық жүйедегі деректерін өзгерту;
  • 3-ші процесс бойынша – көрсетілетін қызметті алушыны консулдық есепке тұрғызу немесе шығару.

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз, кезек күту тәртібінде көрсетіледі.

 

3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелердің (қызметкерлердің) өзара                       іс-қимыл тәртібін сипаттау

7. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне көрсетілетін қызмет берушінің лауазымды тұлғасы қатысады.

8. Тиісті құжаттары бар өтінішті қабылдау, тексеру, тіркеу және қарастыру көрсетілетін қызмет берушінің лауазымды тұлғасымен жүзеге асырылады.

Мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі рәсімдер (іс-қимылдардың) дәйектілігінің сипаттамасы осы регламенттің 2-қосымшасында көрсетілген.

1 қосымша
2 қосымша