DE | ENG

«Қазақстан Республикасының шетелдердегі азаматтарының азаматтық хал актілерін тіркеу»

Қазақстан РеспубликасыСыртқы істер министрінің м.а.
2014 жылғы «19» наурыздағы
№ 08-1-1-1/87 бұйрығымен
бекітілген

1. Жалпы ережелер

1. Мемлекеттік қызметті осы регламентке 1 – қосымшада көрсетілген Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі – Қазақстан Республикасы азаматтарының азаматтық хал актілерін тіркеу туралы куәлік (бұдан әрі – куәлік).

 

2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау

4. Көрсетілетін қызметті алушының өтініші көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастау үшін негіз болып табылады.

5. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы
№ 145 қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасының шетелдердегі азаматтарының азаматтық хал актілерін тіркеу» мемлекеттік қызмет стандартының (бұдан әрі-стандарт) 2-бабының 4 тармағына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету процесі мынадай рәсімдерден тұрады:

1) баланың тууын тіркеу:

  • 1-ші процесс – көрсетілетін қызметті берушінің құжаттарды қабылдауы, тексеруі, тіркеуі;
  • 2-ші процесс – азаматтық хал актілерін тіркеу және куәлікті беру.

2) Стандарттың 2-бабының 4 тармағына сәйкес баланың қайтыс болуын тіркеу:

  • 1-ші процесс – көрсетілетін қызметті берушінің құжаттарды қабылдауы, тексеруі, тіркеуі;
  • 2-ші процесс – азаматтық хал актілерін тіркеу және куәлікті беру.

3) Стандарттың 2-бабының 4 тармағына сәйкес әкелікті анықтау, бала асырап алуды, атын, әкесінің атын, тегін өзгертуді тіркеу:

  • 1-ші процесс – көрсетілетін қызметті берушінің құжаттарды қабылдауы, тексеруі, тіркеуі;
  • 2-ші процесс – құжаттарға зерделеу немесе тексеру;
  • 3-ші процесс – азаматтық хал актілерін тіркеу және куәлікті беру.

4) Стандарттың 2-бабының 4 тармағына сәйкес неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) және бұзуды тіркеу:

  • 1-ші процесс – көрсетілетін қызметті берушінің құжаттарды қабылдауы, тексеруі, тіркеуі;
  • 2-ші процесс – азаматтық хал актілерін тіркеу және куәлікті беру;

6. Мынадай рәсімді (іс-қимылды) орындауды бастау үшін негіз болады:

1) баланың тууын тіркеу:

  • 1-ші процесс бойынша – құжаттарды қабылдау туралы өтініштің көшірмесінде белгі қою.

2) баланың қайтыс болуын тіркеу:

  • 1-ші процесс бойынша – құжаттарды қабылдау туралы өтініштің көшірмесінде белгі қою.

3) әкелікті анықтау, бала асырап алуды, атын, әкесінің атын, тегін өзгертуді тіркеу:

  • 1-ші процесс бойынша – құжаттарды қабылдау туралы өтініштің көшірмесінде белгі қою;
  • 2-ші процесс бойынша – азаматтық хал актілерін тіркеу туралы қорытындыны ресімдеу;

4) неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) және бұзуды тіркеу:

  • 1-ші процесс бойынша – құжаттарды қабылдау туралы өтініштің көшірмесіне белгі қою.

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз, кезек күту тәртібінде көрсетіледі.

 

3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара
іс-қимыл тәртібін сипаттау

7. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне көрсетілетін қызметті берушінің лауазымды адамы қатысады.

8. Мемлекеттік қызмет көрсету үшін өтінішті қабылдауды, тіркеуді, тиісті құжаттарды тексеруді, мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін беру мен өтінішті қарауды көрсетілетін қызметті берушінің лауазымды адамы жүзеге асырады.

Мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі рәсімдер (іс-қимылдар) дәйектілігінің сипаттамасы осы регламенттің 2-қосымшасында көрсетілген.

1 қосымша
2 қосымша