DE | ENG

«Қазақстан Республикасының визаларын беру, олардың қолданылу мерзімдерін ұзарту және Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттік өту»

Қазақстан Республикасы
Сыртқы істер министрінің м.а.
2014 жылғы «19» наурыздағы
№ 08-1-1-1/87 бұйрығымен
бекітілген

1. Жалпы ережелер

1. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі (бұдан әрі – Министрлік), Министрліктің Консулдық қызмет департаментінің Алматы қаласындағы өкілдігі, консулдық пункттері мен, осы регламентке 1-қосымшада көрсетілген, Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі – Қазақстан Республикасының визасы.

 

2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау

4. Көрсетілетін қызметті алушының өтініші мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі рәсімді (іс-қимылды) бастау үшін негіз болып табылады.

5. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы № 145 қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасының визаларын беру, олардың қолданылу мерзімдерін ұзарту және Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттік өту» мемлекеттік қызмет стандартының 2-бабының
4 тармағына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету процесі мынадай рәсімдерден тұрады:

  • 1-ші процесс – көрсетілетін қызметті берушінің құжаттарды қабылдауы, тексеруі, тіркеуі;
  • 2-ші процесс – көрсетілетін қызметті берушінің құжаттарды қарастыруы және оларды Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетіне (бұдан әрі – ҰҚК) келісу үшін жіберу;
  • 3-ші процесс – ҰҚК-мен визалық құжаттарды келісу және жауапты жолдау;
  • 4-ші процесс – визалық құжаттарды ресімдеу және Қазақстан Республикасының визасын беру;

6. Мемлекеттік қызмет көрсету рәсімінің (іс-қимылдың) нәтижесі мынадай рәсімді (іс-қимылды) орындауды бастау үшін негіз болады:

  • 1-ші процесс бойынша – құжаттарды қабылдау туралы өтініштің көшірмесіне белгі қою;
  • 2-ші процесс бойынша – көрсетілетін қызметті берушінің ҰҚКақпараттық жүйесіне сауалы;
  • 3 процесі бойынша – ҰҚКақпараттық жүйесінің жауабы.

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз, кезек күту тәртібінде көрсетіледі.

 

3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау

7. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде келесі тұлғалар қатысады:

  • 1) көрсетілетін қызметті берушінің лауазымды тұлғасы;
  • 2) ҰҚК-нің лауазымды тұлғасы.

8. Мемлекеттік қызмет көрсету үшін өтінішті қабылдауды, тіркеуді, тиісті құжаттарды тексеру және көрсетілетін қызметті алушыға беруді лауазымды тұлға жүзеге асырады.

Визалық құжаттарды келісуі ҰҚК-ніңақпараттық жүйесі арқылы асырылады.

Мемлекеттік қызмет көрсетуге қатысатын тұлғалар арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдардың) дәйектілігінің сипаттамасы осы регламенттің 2-қосымшасында көрсетілген.

1 қосымша
2 қосымша