DE | ENG

«Шетелдіктерге асырап алуға берілген Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын балаларды есепке алу»

Қазақстан Республикасы
Сыртқы істер министрінің м.а.
2014 жылғы «19» наурыздағы
№ 08-1-1-1/87 бұйрығымен
бекітілген

1. Жалпы ережелер

1. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі(бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі – шетелдіктерге асырап алуға берілген Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын балаларды есепке алу.

 

2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау

4. Көрсетілетін қызметті алушының өтінішін мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі рәсімді (іс-қимылдың) бастау үшін болуы негіз болып табылады.

5. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы № 145 қаулысымен бекітілген «Шетелдіктерге асырап алуға берілген Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын балаларды есепке алу» мемлекеттік қызмет стандартының 2-бабына сәйкес, мемлекеттік қызмет көрсету процесі мынадай рәсімдерден тұрады.

1) мемлекеттік қызметті 5 жұмыс күн ішінде көрсету бойынша:

  • 1-ші процесс – көрсетілетін қызметті берушінің консулдық қызметшісінің құжаттарды қабылдауы, тексеруі, тіркеуі.
  • 2-ші процесс – көрсетілетін қызметті берушінің консулдық лауазымды адамның қабылданған құжаттарды қарастыруы және тексеруі, балаларды есепке алу жөніндегі құжаттарға қол қоюы.
  • 3-ші процесс – көрсетілетін қызметті алушыға баланы есепке алу туралы қосымша беті бар паспорт беру.

2) мемлекеттік қызметті 3 жұмыс күні ішінде көрсету бойынша:

  • 1-ші процесс – көрсетілетін қызметті консулдық қызметшісінің өтінішті қабылдауы, тексеруі және құжаттарды тіркеуі.
  • 2-ші процесс – көрсетілетін қызметті берушінің консулдық қызметшісінің қабылданған құжаттарды қарастыруы және балаларды есепке алу жөніндегі құжаттарға қол қоюы.
  • 3-ші процесс – көрсетілетін қызметті алушыға баланы есепке алу жөніндегі қосымша беті бар паспорт беру.

3) мемлекеттік қызметті 1 жұмыс күн ішінде көрсету бойынша:

  • 1-ші процесс – өтінішті қабылдау, тіркеу және құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің тексеруі, қабылдаған құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің консулдық лауазымды адамының қарауы, баланы есепке алу жөніндегі құжаттарға қол қою, көрсетілетін қызметті алушыға баланы есепке алу туралы қосымша беті бар паспорт беру.

6. Мемлекеттік қызмет көрсету рәсімінің (іс-қимылдың) нәтижесі мынадай рәсімді (іс-қимылды) орындауды бастау үшін негіз болады.

1) мемлекеттік қызметті 5 және 3 жұмыс күн ішінде көрсету бойынша:

  • 1-ші процесс бойынша – құжаттарды қабылдау туралы өтініш көшірмесіне қол қою;
  • 2-ші процесс бойынша – консулдық лауазымды тұлғаның паспорттың қосымша парағына баланы есепке алу жөнінде қарары.

3) мемлекеттік қызмет 1 жұмыс күні ішінде көрсету бойынша:

  • 1-ші процесс бойынша – көрсетілетін қызметті алушыға баланы есепке алу туралы қосымша парағы бар паспорт беру.

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет алдын ала жазылусыз, кезек күту тәртібінде көрсетіледі.

 

3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау

7. Мемлекеттік қызмет көрсету процесі мынадай адамдар қатысады:

  • 1) консулдық қызметші;
  • 2) консулдық лауазымды тұлға;

8. Мемлекеттік қызмет көрсету үшін өтінішті қабылдауды, тіркеуді, балаларды есепке алу туралы қосымша беті бар паспорт беруді көрсетілген қызметті алушыға консулдық қызметші жүзеге асырады.

Өтінішті қарастыруды және қабылдаған құжаттарды тексеруді, балаларды есепке алу жөніндегі құжаттарға қол қоюды консулдық лауазымды адам жүзеге асырады.

Мемлекеттік қызмет көрсетуге қатысатын тұлғалар арасындағы рәсімдер (іс-қимылдар) дәйектілігінің сипаттамасы осы регламенттің 1-қосымшасында көрсетілген.

2 қосымша