DE | ENG

«Қазақстан Республикасының қызметтік паспорттарын беру»

Қазақстан Республикасы
Сыртқы істер министрінің м.а.
2014 жылғы «19» наурыздағы
№ 08-1-1-1/87 бұйрығымен
бекітілген

1. Жалпы ережелер

1. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі(бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі – Қазақстан Республикасының қызметтік паспортын беру (бұдан әрі – паспорт).

 

2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау

4. Көрсетілетін қызметті алушының өтініші мемлекеттік қызмет көрсету рәсімін (іс-қимылын) бастамау үшін негіз болып табылады.

5. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы
№ 145 қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасының қызметтік паспорттарын беру» мемлекеттік қызмет стандартының 2-бабының 4 тармағына сәйкес, қызметтік паспортты беру жөніндегі мемлекеттік қызмет көрсету процесі мынадай рәсімдерден тұрады:

  • 1-ші процесс – көрсетілетін қызметті берушінің консулдық қызметшісінің құжаттарды қабылдауы, тексеруі, тіркеуі;
  • 2-ші процесс – көрсетілетін қызметті берушінің басқарушы адамның қабылданған құжаттарды қарауы;
  • 3-ші процесс – көрсетілетін қызметті берушінің консулдық қызметшісінің паспортты жасауы;
  • 4-ші процесс – көрсетілетін қызметті алушыға паспорт беру.

6. Мемлекеттік қызмет көрсету рәсімінің (іс-қимылдың) нәтижесі мынадай рәсімді (іс-қимылды) орындауды бастау үшін негіз болады:

  • 1-ші процесс бойынша – құжаттарды қабылдау туралы өтініштің көшірмесіне белгі қою;
  • 2-ші процесс бойынша – басқарушы адамның паспортты жасау туралы қарары;
  • 3-ші процесс бойынша – паспортты беруге дайындау.

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз, кезек күту тәртібінде көрсетіледі.

 

3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау

7. Мемлекеттік қызмет көрсету процесін мынадай тұлғалар қатысады:

  • 1) консулдық қызметші;
  • 2) көрсетілетін қызметті берушінің басқарушытұлға;

8. Мемлекеттік қызмет көрсету үшін өтінішті қабылдауды, тіркеуді, паспортты жасауды және оны көрсетілетін қызметті алушыға беруді консулдық қызметші жүзеге асырады.

Тиісті құжаттары бар өтінішті қарастыруды және паспортты жасау туралы қарары енгізуді көрсетілетін қызметті берушінің басқарушы адамы жүзеге асырады.

Мемлекеттік қызмет көрсетуге қатысатын тұлғалар арасындағы рәсімдер (іс-қимылдар)дәйектілігінің сипаттамасы осы регламенттің 2-қосымшасында көрсетілген.

1 қосымша
2 қосымша