DE | ENG

«Консулдық заңдастыру»

Қазақстан Республикасы
Сыртқы істер министрінің м.а.
2014 жылғы «19» наурыздағы
№ 08-1-1-1/87 бұйрығымен
бекітілген

1. Жалпы ережелер

1. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі мен осы регламентке 1-қосымшада көрсетілген Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелері көрсетеді.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі – тапсырылған құжаттарды консулдық заңдастыру.

 

2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау

4. Көрсетілетін қызметті алушының өтініші мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі рәсімді (іс-қимылды) бастау үшін негіз болып табылады.

5. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы
№ 145 қаулысымен бекітілген «Консулдық заңдастыру» мемлекеттік қызмет стандартының 2-бабының 4 тармағына сәйкес, мемлекеттік қызмет көрсету процесі мынадай рәсімдерден тұрады:

  • 1-ші процесс – өтініш пен құжаттарды қабылдау, тексеру, тіркеу;
  • 2-ші процесс – құжаттарды қарастыру, заңнамаға сәйкестігін тексеру;
  • 3-ші процесс – консулдық заңдастырылған құжаттарды беру;

6. Мемлекеттік қызмет көрсету рәсімінің (іс-қимылдың) нәтижесі мынадай рәсімді (іс-қимылды) орындауды бастау үшін негіз болады:

  • 1-ші процесс бойынша – құжаттарды қабылдау туралы өтініштің көшірмесіне белгі қою;
  • 2-ші процесс бойынша – консулдық заңдастыруға ұсынылған құжатқа қол қою.

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз, кезек күту тәртібінде көрсетіледі.

 

3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау

7. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне мынадай адамдар қатысады:

1) Қазақстан Республикасының аумағында:

  • консулдық қызметші;
  • консулдық лауазымды адам.

2) шетелде:

  • консулдық лауазымды адам.

8. Қазақстан Республикасының аумағында өтінішті қабылдауды, тіркеуді, тиісті құжаттары бар өтінішті тексеруді, консулдық лауазымды адамның қарауын құжаттарды табыстауды, консулдық заңдастырылған құжаттарды беруді консулдық қызметші жүзеге асырады.

Консулдық лауазымды адам құжаттарды қарауды және қол қоюды жүзеге асырады. Шетелде өтінішті қабылдауды, тіркеуді, тиісті құжаттары бар өтінішті тексеруді, консулдық заңдастырылған құжаттарды беруді консулдық қызметші жүзеге асырады.

Мемлекеттік қызмет көрсетуге қатысатын адамдар арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдардың) дәйектілігінің сипаттамасы осы регламенттің 2-қосымшасында көрсетілген.

1 қосымша
2 қосымша