DE | ENG

«Кеме шетелде сатып алынған жағдайда Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк туын көтеріп жүзу құқығына уақытша куәлiк беру»

Қазақстан Республикасы
Сыртқы істер министрінің м.а.
2014 жылғы «19» наурыздағы
№ 08-1-1-1/87 бұйрығымен
бекітілген

1. Жалпы ережелер

1. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет осы регламентке 1-қосымшада көрсетілген Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелері (бұдан әрі – көрсетілетін қызмет беруші) көрсетеді.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі кеме шетелде сатып алынған жағдайда Қазақстан – Республикасының Мемлекеттiк туын көтеріп жүзу құқығына уақытша куәлiк беру болып табылады.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау

4. Көрсетілетін қызметті алушының өтініші мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі рәсімді (іс-қимылды) бастау үшін негіз болып табылады.

5. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы
№ 145 қаулысымен бекітілген «Кеме шетелде сатып алынған жағдайда Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк туын көтеріп жүзу құқығына уақытша куәлiк беру» мемлекеттік қызмет стандартының 2-бабының 4 тармағына сәйкес, мемлекеттік қызмет көрсету процесі мынадай рәсімдерден тұрады:

  • 1 процесс – көрсетілетін қызмет берушінің лауазымды адамның өтініш пен құжаттарды қабылдауы;
  • 2 процесс — көрсетілетін қызмет берушінің лауазымды адамның құжаттарды қарастыруы және оларды Көлік және комуникация министрлігіне (бұдан әрі — ККМ) келісуге жолдауы;
  • 3 процесс – ККМ келісу және көрсетілетін қызметті алушыға жауап жолдау;
  • 4 процесс – куәлiкті ресімдеу және беру.

6. Мемлекеттік қызмет көрсету рәсімінің (іс-қимылдың) нәтижесі мынадай рәсімді (іс-қимылды) орындауды бастау үшін негіз болады:

  • 1-ші процесс бойынша – өтініштің көшірмесінде құжаттардың қабылдау туралы белгі қою;
  • 2-ші процесс бойынша – көрсетілетін қызметті берушінің ККМ жолдайтын ілеспе хаты;
  • 3-ші процесс бойынша – көрсетілетін қызметті берушінің ККМ жолдаған ілеспе хаты, куәлікті рәсімеуге дайындау.

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз, кезек күту тәртібінде көрсетіледі.

 

3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау

7. Мемлекеттік қызмет көрсету процесі мынадай адамдар қатысады:

  • 1) көрсетілетін қызмет берушінің лауазымды адам;
  • 2) ККМ лауазымды адам.

8. Мемлекеттік қызметті көрсетуге арналған өтінішті қабылдауды, тіркеуді, тексеруді, куәлікті рісңмдеу мен беруді көрсетілетін қызмет берушінің лауазымды адамы жүзеге асырады.

Куәлікті беру жөніндегі құжаттарды келісуді ККМ лауазымды адамы жүзеге асырады.

Мемлекеттік қызмет көрсетуге қатысатын адамдар арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдардың)дәйектілігінің сипаттамасы осы регламенттің                 2-қосымшасында көрсетілген.

1 қосымша
2 қосымша