DE | ENG

«Шетелдердегі Қазақстан Республикасының азаматтарына паспорттарды ресімдеу және олардың паспорттарына қажетті белгілер енгізу»

Қазақстан Республикасы
Сыртқы істер министрінің м.а.
2014 жылғы «19» наурыздағы
№ 08-1-1-1/87 бұйрығымен
бекітілген

1. Жалпы ережелер

1. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 1-қосымшада көрсетілген Қазақстан Республикасының шетелдердегі мекемелері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі – Қазақстан Республикасы азаматының паспортын ресімдеу не паспортқа жазба енгізу.

 

2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау

4. Көрсетілетін қызметті алушының өтініші мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі рәсімді (іс-қимылды) бастау үшін негіз болып табылады.

5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесі мынадай рәсімдерден тұрады:

1) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы № 145 қаулысымен бекітілген «Шетелдердегі Қазақстан Республикасының азаматтарына паспорттарды ресімдеу және олардың паспорттарына қажетті белгілер енгізу» мемлекеттік қызмет стандартының (бұдан әрі-стандарт)
2-бабының 4 тармағына сәйкес паспортты ресімдеу бойынша:

  • 1-ші процесс – көрсетілетін қызметті берушінің құжаттарды қабылдауы, тіркеуі;
  • 2-ші процесс – көрсетілетін қызметті берушінің құжаттарды тексеруі;
  • 3-ші процесс — құжаттарды тексеру, ресімдеу және дипломатиялық пошта арналары арқылы Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігіне (ҚР СІМ) одан әрі Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігіне (ҚР ІІМ) қарастыру үшін жолдауы.
  • 4-ші процесс — құжаттарды ІІМ-ге жолдауы;
  • 5-ші процесс – ІІМ-нің құжаттарды тексеруі, паспорттарды дайындауы және құжаттарды СІМ-ге жолдауы;
  • 6-ші процесс – СІМ-нің ІІМ-мен алынған құжаттарды тексеруі дайындауы және көрсетілетін қызметті берушіге жолдауы;
  • 7-ші процесс – СІМ-нен келіп түскен құжаттарды алу және дайын паспорттарды көрсетілетін қызметті алушыға қолма-қол беру.

2) Стандарттың 2-бабының 4 тармағына сәйкес паспортқа жазба енгізу бойынша:

  • 1-ші процесс – өтініштерді, құжаттарды қабылдау және оларды тексеру;
  • 2-ші процесс – паспортқа белгілер енгізу үшін құжаттарды дайындау және оларға қол қою;
  • 3-ші процесс – белгілер енгізілген паспортты беру.

6. Мемлекеттік қызмет көрсету рәсімінің нәтижесі мынадай рәсімді орындауды бастауға негіздеме болады:

1) паспортты ресімдеу бойынша:

  • 1-ші процесс бойынша – құжаттарды қабылдау туралы өтініштің көшірмесіне белгі қою;
  • 2-ші процесс бойынша – көрсетілетін қызметті берушінің СІМ-ге ілеспе хаты;
  • 3-ші процесс бойынша – СІМ-нің ІІМ-не ілеспе хаты;
  • 4-ші процесс бойынша – ІІМ-нің СІМ-не ілеспе хаты;
  • 5-ші процесс бойынша – СІМ-нің көрсетілетін қызметті берушіге ілеспе хаты.

2) паспортқа жазба енгізу үшін:

  • 1-ші процесс бойынша – құжаттарды қабылдау туралы өтініштің көшірмесіне белгі қою;
  • 2-ші процесс бойынша — паспортқа жазба енгізу.

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз, кезек күту тәртібінде көрсетіледі.

 

3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара
іс-қимыл тәртібін сипаттау

7. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне мынадай тұлғалар қатысады:

  • 1) көрсетілетін қызметті берушінің лауазымды тұлғасы;
  • 2) СІМ-нің лауазымды тұлғасы;
  • 3) ІІМ-нің лауазымды тұлғасы.

8. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін өтінішті қабылдауды және тіркеуді көрсетілетін қызметті берушінің лауазымды тұлғасы жүзеге асырады.

 

Тиісті құжаттары бар өтінішті қабылдауды, тексеруді, тіркеуді және қарастыруды көрсетілетін қызметті берушінің лауазымды тұлғасы жүзеге асырады.

Көрсетілетін қызметті берушіден құжаттарды алған кезде СІМ-нің лауазымды тұлғасы құжаттарды ІІМ-не қайта жолдауды жүзеге асырады.

ІІМ-нің қызметі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Мемлекеттік қызмет көрсетуге қатысатын тұлғалар арасындағы рәсімдер (іс-қимылдар) дәйектілігінің сипаттамасы осы регламенттің 2-қосымшасында көрсетілген.

1 қосымша
2 қосымша

Скачать памятку